Русский Сайттың толық нұсқасы

"Туған анасын сабап тастаған". Экс-әкімнің ұлы қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2024
  • 1084

Қарағандыда бұрынғы қала әкімінің баласы 78 жастағы анасын ұрған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Патриотқа сілтеп.

Экс-әкім Шаймерден Оразалиновтың Қарағандыда 1987 жылдан 1997 жылға дейін қала әкімі лауазымын атқарып, тіпті Қарағанды қаласының Құрметті азаматы атағын алған. Экс-шенеунік 2019 жылдың 30 сәуірінде 77 жасында өмірден өткен.

Ал оның ұлы туған анасын аяусыз соққыға жығып, зейнеткер екі күн үйінде жатқан. Өзіне қол көтерген перзенті дәрігер шақыруға тыйым салған. Тек үшінші күні кейуананың жағдайы күрт нашарлап, көршілері жедел жәрдем шақырған.

Қолға түскен тиран-ұл жүйке жүйесі сыр бергенін айтыпты.

Қазір ол қамауға алынды.