Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 233 адамнан коронавирус анықталды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2024
  • 785

Жыл басынан бері қалада коронавирустық инфекция жұқтырған 233 адам анықталды, оның 14%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Жыл басынан бері коронавирустық инфекция жұқтырған 233 адам анықталды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 30 жағдай, жасөспірімдер арасында - 6 жағдай, ересектер арасында - 197 жағдай тіркелді. 18 ақпанға дейін КВИ мен ауырғандардың ішінде кәсібі бойынша жұқтарғандар: 27,9% - жұмыссыздар, 15,0% - әртүрлі ЖШС - де жұмыс істейтіндер, 11,6% – мектеп жасына дейінгі балалар, 27,5% - зейнеткерлер, 3,9% - студенттер, – дейді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.