Русский Сайттың толық нұсқасы

Қандай жағдайда ипотекаға баспана алуға рұқсат берілмеуі мүмкін?

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2024
  • 956

2024 жылы ипотекаға баспаналы болуға мүмкіндік беретін "9-20-25" бағдарламасы іске қосылады. Бұл біршама қазақстандықтың армандаған пәтеріне қол жеткізуіне көмектеседі. Алайда кейбір жағдайда ипотекаға баспана алуға рұқсат берілмеуі мүмкін. Бұл қандай жағдай? Мұның егжей-тегжейін жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы Қайрат Қожанов Massaget.kz тілшісіне түсіндірді.

Маманның айтуынша, ипотекаға баспана алуға рұқсат берілмеуінің бірнеше себебі бар. 

Біріншісі, ипотекаға баспана алуға ниетті адамның несие тарихы бұзылған болса.

"Яғни бұған дейін белгілі бір себептермен несиені төлемей, бірақ қазіргі уақытқа дейін бәрін жауып тастаған болса, оған рұқсат берілмейді. Өйткені банк мұндай тәуекелге бел бумайды", - дейді ол. 

Екіншісі, несие тарихы дұрыс болғанымен, заңды тұрде оның табыс көзі жоқ болса.

"Банкке жұмыс істейтініңізді заңды түрде дәлелдеудің жалғыз жолы - зейнетақы қорыңызға ақша түсіп тұруы керек", - деді маман.

Үшіншісі, сіздің атыңызға қосымша несие рәсімделген болса.

"Сіздің несие тарихыңыз таза, төлем қабілетіңіз бар болған күнде де атыңызда басқа несие бар болса, сізге ипотекаға несие алуға мақұлдау берілмейді. Себебі басқа да несие не ипотеканың болуы айлығыңызға ауыртпалық түсіріп, баспананың несиесін төлеуге мүмкіндігіңіз азаюы мүмкін. Мысалы, сіздің жалақыңыз 500 мың теңге болса, банк оның 50 пайызын ғана төлем қабілеті ретінде қарастырады, яғни 250 мың теңгеге есептелінген несие көлемі ғана беріледі. Алайда қосымша несие болатын болса, жалақыңыз өмір сүруіңіз бен бұған дейінгі несиелердің төлемін жасауға жетпейді деген сөз", - деп қорытындылады Қайрат Қожанов.

Айта кетейік, бұған дейін "10 жылдан кейін сата алмайсыз". Жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы ипотекадағы тиімді фишкаларды бөліскені хабарланған болатын.