Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 3 әйел масаң күйде күйеуін пышақтаған

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2024
  • 1402

Былтыр Шымкентте тұрмыстық зорлық зомбылық бойынша 14 тұлғаға қатысты сот процесі жүрген. Оның ішінде 3-еуі әйел кісіге қатысты,-деп хабарлайды Otyrar порталы. 

Олар ішімдікке масайып, арада туындаған жанжал кезінде күйеуіне пышақ сұғып алған. Қылмыстық істер жөніндегі сот төрағасы аталған жайттың бәрінде сотталушы масаң күйде болғанын айтады.

“Үйінде алкогольдік ішімдік ішіп, әйелі мен жұбайы арасында жанжал болып, өз күйеуін пышақтаған. Бұл жақта 3 әйелге қатысты сот ауыр жарақат келтіру бойынша жүргізілсе, басқалары әр түрлі. Бәріне кінәлі – негізі ішімдік. Таныстарымен, достарымен немесе көршісімен ішімдік ішіп отырады. Содан соң аяқ астынан бірдеңені бөлісе алмай қалып, жанжал пайда болады. Асханада отыра ма, қасында пышақ дайын тұрады әйтеуір”, – дейді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Айнель Орақбаева.