Русский Сайттың толық нұсқасы

Эйфель мұнарасы жабылды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2024
  • 368

Эйфель мұнарасы уақытша жабылды. Оған қызметкерлерінің ереуілі себеп болды. 

Наразы топ еңбек шартын жақсартуды сұрайды. Қазір жазғы Олимпиада ойындарының алдында монументті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ ереуіл қатысушыларының айтуынша, Париж мэриясы бұған аз ақша бөлген.

Бұл қызметкерлердің жүктемесін арттырады дейді. Айта кеткен жөн, Эйфель мұнарасы Парижде туристердің ең жиі баратын орны саналады. Жыл сайын мұнда 6 миллион адам келеді.