Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент тұрғыны дәмханалардың бірінде 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатпақ болған

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2024
  • 983

Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторниг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Аталған факті бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторнг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті тергеді.

Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, — делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.

Агенттік егер сіз жалған ақша тапсаңыз, ең бастысы, оны сатуға тырыспау керегін ескертеді. Мұның соңы ҚР ҚК 231-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

«Егер жалған банкнот қолыңызға түссе, дереу ҚР ҚМА 8(7172) 70-84-78 сенім телефонына хабарласу қажет» - деп ескертеді агенттік мамандары.