Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана вокзалындағы ақылы тұрақ дүрбелең тудырды

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2017
  • 3590

Астана теміржол вокзалының алдында тағы да шу шықты. Вокзал аймағында ақылы автотұрақ ашылғалы жүргізушілер діттеген жерлеріне жете алмай, ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Жиналған жұрттың айтуынша, шыға берістегі екі шлагбаумға кезекке тұрған жүздеген көліктің кептелісте сағаттап тұруына тура келген. Тақырыпты тілші тарқатады.

Бүгіннен бастап темір жол вокзалының алдындағы автотұрақ ақылы түрде жұмыс істей бастады. Алайда вокзал аймағына бес минутқа кіріп, қайта шыға алмай тұрған халықтың қарасы көп. Себебі шыға берістегі екі шлагбаумнан көліктер шығып үлгермейді. Тіпті, ақшасын төлеп келген күннің өзінде шлагбаумнан өткенше, тағы бір сағат өтеді, - дейді ашынған көлік жүргізушілері.

Мында жарты сағат бесплатно. Сен өткенше, уже бір сағат өтеді. Ақша сұрайды сосын.

Екі сағат тұрмыз. Жұмыстан қалдық, поездан қалдық.

Нереально. Вот это нереально. Надо десять постов на вокзал, десять, а не один.


Жағдайдың ушығып бара жатқанын көріп, қосымша полиция қызметкерлері де келді. Олардың айтуынша, төлегісі келмегендер әдейі төлем қағаздарын шыға берісте лақтырып тастайды.

Он просто выбросил билет, сел в машину. И сказал, не буду оплачивать.

Адамдар шығармайды. Екі сағат болды тұрмыз. Бес-ақ минут тұрдық. Адам алдым болды. Жарты сағат тұрсам, төлер едім.

Я заехал на десять минут и уже полтора часа не могу выехать. Я же не виноват.

Кейбір жүргізушілердің айтуынша, бұл дүрбелеңді вокзал маңындағы таксистер қасақана жасап отыр. Өйткені олар пайда тауып келген үйреншікті орындарынан айырылып қалмақ.

Мәселе мынада. Адамдар әдейі төлемей жатыр. Біреуі тұрса болды, артынан кептеліс пайда болады. Бұл дауды осындағы таксистер әдейі істеп отыр. Себебі бұл оларға тиімді.

Ал ақылы тұраққа жауапты «Астана ЛРТ» компаниясының өкілдері әзірге мәселенің бір ғана шешімін көріп отыр. Кептеліс пайда болғанда, шлагбаумды ашып, көліктерді тегін жібермек.

Рустам Халилев, «Астана LRT» компаниясының көлік жөніндегі директоры:

Біз шығатын жердегі шлагбаумның онын салып қойсақ та, ел көп төлеп кетпейді. Вокзалда халық көп екені белгілі. Бірақ тағы бір вокзалдың құрылысы жүріп жатқанын білесіздер. Бұл адам шоғырын екі бөледі. Бүгінгідей жағдай болған кезде, көліктерді тегін жіберіп тұрамыз. Ал 30 минуттан тұрып, айналып 10 шақты рет кіріп-шығатын таксистердің мәселесін бөлек қарастырамыз.

Бүгіннен бастап вокзал маңындағы тұрақтың жарты сағаты ғана тегін, одан ары екі сағатқа дейін 200 теңге. 12 сағат - 1000, бір тәулік тұратындарға 1800 теңге белгіленген.

Астана вокзалының алдындағы тұрақ 250 көлікке арналған. Алайда кіру оңай болғанымен, тұрақтан шығу қиындап тұр. Әзірге шығатын есік көбеймейді, төлемегендерге айыппұл да болмайды. Бір жылдың көлемінде талқыланған жоба компания белгілеген жаңа стандарттардың қатарына кіреді екен.

Саламат ОМАШ