Русский Сайттың толық нұсқасы

Жүк көліктері екі аптадан бері кедендік бақылау аймағында қаңтарылып тұр

Жамбылда жүк көлігінің жүргізушілері жаппай наразылыққа шықты. Шетелден тауар тасымалдайтындар екі аптадан бері кедендік бақылау аймағында қаңтарылып тұр. Шекарадан сүрінбей, кеденнен кедергісіз өтіп мемлекеттік кірістерге келгенде қолдан кептеліс жасап жатыр дейді. Кірістердің тексерісі таусылмай, құжат рәсімдеу кезінде созбалаңға салатын көрінеді. Суық күнде сұйық отындары мен төзімдері таусылған көлік жүргізушілерін аймақтағы тілшіміз тыңдап қайтты.

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Мына жүк көліктерінің мемлекеттік кірістер басқармасының тұрағында тұрғанына алды екі апта, кемі тоғыз күн болған. Шекара мен кеденнен кедергісіз өтіп осы тұраққа келіп тұралап қалған. Ал мұнда әр күніне ақша төлеп, шығынға батқан жүргізушілер мен кәсіпкерлер шыдамның да шегі бар деп шырылдап отыр.

Түсініксіз тексерістен шаршаған жүргізушілер қамауда отырғандай күн кешудеміз дейді.

Рахымжан НИЗАМОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Бізге дүйсенбі деп уәде берген налогвый. Пониделник кеше істеген жоқ. Бүгін міне вторник саляркамыз түбіне келіп қалды. Охранаға барсам шығармаймын дейді. Не себепті бұл жаққа тыққанын білмеймін. Екі апта 10 күн тұрмыз білмейміз не істеп жатқанын бұлардың.

Дархан МЫРЗАТАЕВ, КӘСІПКЕР:

Қырғызстанның томожныйынан өтесің содан Қазақстан томожныйна кіресің. Погран контроль машинаны ақтарады тексереді. Ренгені бар. Машиналар уже 9-10 күн тұрғандары бар. Тауарларды шашып тастайды. 130 мың грушиктерге төлейміз. Стаянканы мың теңге қылып қойды, складқа кіретін болсақ 3,5 мың теңге төлейміз.

Ал мына автотұрақ жекенің жері. Мұнда кірген жүк көліктері тексеріс толық аяқталмайынша ешқайда жіберілмейді. Жүргізушілер 10 күннен бері тұрған көліктерінде түнеп жүр.

Рысбек ШАНШАРБЕКОВ, КОНТРАЛЕР:

Біздің шаруамыз жоқ. Оның бәрін тексеретін налогвый ғой. Кіргізетін налогвый. Налогвыйдан сұрасаңдаршы. Біз емес оны кіргізіп жүрген. Біз жеке ғой часный.

Қордай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы автотұрақты тегін алып отыр екен. Алайда ақысын тексеріске кірген жүк көлігінің жүргізушілері төлейтін көрінеді. Ал апталап тұрақта тұруының себебін 30 күн тексеруге құқылымыз деп түсіндірді. Бұл жұмыстың баяу жүріп жатқаны маманның жетіспеушілігі дейді.

ҒАБИТ САЯКОВ, ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма тарапынан болып жатыр тексеріс. Бізде қазір 30 пайыз сотрудниктер жоқ. Ваканция. Бар жоғы тексеруге жібере алатын 2-3 ақ маманымыз бар. Нұсқама негізінде тексеру 30 күннен аспау керек.

Кесірі жүк көлігінің жүргізушілеріне тиіп жатыр. Біріншіден уақыттары кетіп жатыр, екіншіден тұраққа төлейтін құны қосылуда.