Русский Сайттың толық нұсқасы

Биылғы қыста жауған қар мөлшері нормадан екі есе көп

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2024
  • 706

2024 жылдың басынан бері Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы сақталып келеді. Әсіресе, ақпан айы суық. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, биылғы қыста жауған қар мөлшері нормадан екі есе көп болды.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі өсім 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңмен салыстырғанда тіркелгенін түсіндірді.

"Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жамылғысының биіктігі 50 см-ге жетеді, ал шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде 90 см-ге жетеді. Қазіргі қыстың ерекшелігі де қатты екпінді жел болды, әсіресе таулы аймақтарда байқалады. Ал асуларда екпіні 40-45 м/с жеткен", - делінген  "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ хабарламасында.