Русский Сайттың толық нұсқасы

"Екі жылға сотталуы мүмкін": Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйелдің үстінен екі бап бойынша іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2024
  • 827

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Ұлытау өңірінде үш баланы бес жыл құлдықта ұстаған қамқоршылар екі жылға бас бостандығынан айырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Игорь Лепеханың айтуынша, қорғаншы әйелге қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Оның бірі асыраушының құқықтарын бұзғаны (142-бап "Қорғаншының немесе қамқоршының құқықтарын теріс пайдалану") үшін, екіншісі “Азаптау” (110-бап "Азаптау") бойынша.

“Істі тергеп жатырмыз. Заңға сәйкес ол екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Балаларды осы отбасына бекітіп, оларға бақылау жасамаған қорғаншылық органдарына келетін болсақ, қылмыстық іс аясында тергеуші ең болмағанда оларға жеке ұйғарым шығаруға тиіс.