Русский Сайттың толық нұсқасы

«Зорлық-зомбылық мәселелерін шешудің жан-жақты тәсілі қарастырылған», - Е. Қарин

Зорлық-зомбылық мәселесін шешу үшін заң актілеріне 70 түзету енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Құжат Президенттің былтыр күзде жариялаған Жолдауын жүзеге асыру аясында әзірленген. Оны дайындауға Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева белсене атсалысқан.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Адамды ұрып-соққаны, денсаулыққа жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіргені, азаптап-қинағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді және күшейтілді. Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және алдын-алуға бағытталған бірқатар шара көзделген. Заң жобасын депутаттар мемлекеттік органдармен, сарапшылар қауымдастығымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әзірледі.