Қырғызстанның Талас өңіріндегі ауруханада келіншек толғақ кезінде қаза болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Талас ауданындағы Чат-Базар аймақтық аурухана қызметкерлері қаза туралы полицияға хабар берген. Жүкті келіншек ол жерге 07:18 шамасында келіп, толғақ уақытында қаза болған. Келіншек Қара-Ой ауылының тұрғыны екен.
Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары басталған. Қаза болған келіншектің туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр.