Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да бұрын жасалған 8 интернет-алаяқтық дерегі анықталды

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2024
  • 1105

СҚО-да полиция қызметкерлері ішкі істер органдарына азаматтар арызданбаған 8 интернет-алаяқтықты анықтады.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күреске бағытталған "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері үш күн бойы ұйымдар мен адамдар көп жиналатын орындарда жадынамалар таратып, желілік алаяқтардың негізгі айла-тәсілдері туралы айтты.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары алаяқтар жиі пайдаланатын әлеуметтік желілерге мониторингті күшейтті. Полицейлердің айтуынша, кибералаяқтарға алданып қалған адамдардың кейбірі полицияға жүгінбейді екен.

Облыс тұрғындарымен сөйлесу кезінде және әлеуметтік желілердегі комментарийлерді тексере келе осындай 8 факті анықталған. Олардың барлығы интернеттегі хабарландырулар арқылы тауарлар сатып алу кезінде алдын ала төлем жасаумен немесе бөгде біреудің атына шағын несие ресімдеумен байланысты фактілер.