Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында балаларды тепкілеген ер адам олардың өгей әкесі болып шықты

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2024
  • 832

Түркістан облысындағы ер адамның балаларды тепкілеген видеоға қатысты Білім министрлігі пікір білдірді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол балалардың өгей әкесі болып шықты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Білім министрлігі өкілдерінен ер адамның кішкентай балаларды тепкен видеосын көрген-көрмегенін сұрап, уәкілетті органның қандай шара қолданғанын сұрады.

"Кеше бізге Түркістан облысында өгей әкенің осындай әрекетке барғаны туралы ақпарат түсті. Біз видеоны көрдік. Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер оны тауып, тиісті шара қолдануда", - деді ведомства өкілі.

Балаға зорлық-зомбылық көрсеткен видео көпшілік арасында дау тудырды. Полиция 22 ақпанда күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.