Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді дәріханаларда отандық препараттар сатылмауы мүмкін

Енді дәріханаларда отандық препараттар сатылмауы мүмкін. Өйткені 2 жылдан кейін дәрілік заттарға берілген барлық тіркеу куәлігінің күші жойылады. Салдарынан елдегі кәсіпорындарда шығарылатын дәрі-дәрмектің басым бөлігі нарықтан кетеді. Бұл тапшылық туындатуы мүмкін. Онсыз да соңғы екі жылда тұрғындарды препаратпен қамту екі есе төмендеген. Нақтырақ, тұрғындардың 50 процентіне ғана үлестірілді.

Марина ДУРМАНОВА, ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге аспақ. Енді бізге тіркеу куәліктерін сақтап қалу жөнінде шаралар қабылдау қажет. Бізде отандық өндірісті дамыту үшін заңнамаға қажетті нормаларды жылдам енгізу тетігі жоқ.

Денсаулық сақтау саласында бұдан басқа да мәселе көп. Елде скрининг арқылы ауру патологиясын анықтау үлесі төмендеген. 3 миллион адам профилактикалық тексерістен өте алмай жүр. Өйткені тұрғындар МӘМС жүйесіне тіркелмеген. Қазір бұл қорға қатысты шағым аз емес. 14 процентке артқан. Денсаулық сақтау министрі салаға 2,6 трлн теңге бөлінсе де, қолжетімді медициналық көмектің сапасы артпай отыр, - дейді.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Медициналық қызметтердің сапасыздығына, оны ұйымдастырудағы кемшіліктерге, этика мен деонтологияның бұзылуына шағымдар мен өтініштер саны артып отыр. Шағымдардың көбі Алматы облысы, Жетісу және Абай облысында байқалды.