Русский Сайттың толық нұсқасы

Степногор іргесіндегі алапат өрт елді шошытты

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2024
  • 745

Степногор іргесіндегі Ақсу кентінде түн ортасында Степногор-Заваодской кенті трассасы тұсынан жол бойын тұтастай қою қара түтін мен алапат өрт болып жатқаны жайлы видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, өрт екі түннен бері сөнбей жатыр.

"Міне, қараңыздар! Халық ұйықтап жатқанда осындай сұмдық болып жатыр. Міне екінші түн болды. Бұдан әрі де жалғасады деп ойлаймын", - дейді желіге тараған видеода.

Оқиға жөнінде Степногор қаласы әкімдігіне қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдері ресми пікір білдірді.

"Степногор Су Арнасы" коммуналдық шаруашылығының мәліметінше "305 төбе-қала" су құбырының екінші желісінде апаттан қалпына келтіру шараларын өткізу үшін қазу жұмыстарына дайындау кезінде топырақты қыздыру қажеттілігі туындаған. Сол себепті "Су арнасы" кәсіпорнының қызметкерлерінің күшімен 22 қаңтарда түнгі 23.30-дан 23 қаңтар түнгі 03.00-ге дейін қыздыру жұмыстары жүргізілген. Барлық ісшара кезінде өрт қауіпсіздігі сақталған", - деді Степногор қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдері.