Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауда көліктерді заңсыз тіркеген ХҚКО маманы ұсталды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2024
  • 565

Көкшетауда көліктерді заңсыз тіркеген күдікті ұсталды. Ол халыққа қызмет көрсету орталығының маманы болып шықты. Бұрынғы жалған төлем құжаттарымен айласын асырған. Осылайша шет елден жеткізілген көліктерді тіркеген. Мемлекетке жарты млрд теңге шығын келтірді. Қазір күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені құрады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

Айта кетейік, шетелден әкелінген темір тұлпарлар енді уақтылы тіркеуді талап етеді. Яғни ел аумағына кіргеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде заңдастыруы тиіс. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлік пен меншік құқығыңызды көрсететін құжат болу қажет.

Ақтоты БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘПК ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Бұл жерде ең бірінші алғашқы жасалатын қадам ол кедендік тазалаудан өтеді. Салық орындарынан міндетті түрде, алғашқы мемлекеттік жарнасын төлейді. Экологиялық кодекске байланысты, утиль алымын төлеп болғаннан кейін ішкі істер органдарына қазақстандық есепте қоюға құжаттарымен бірге алып келеді.