Русский Сайттың толық нұсқасы

Димаш тыңдармандары Аргентинада Қазақстан құрметіне монумент орнатады

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2024
  • 1029

Аргентинаның Росарио қаласындағы Қазақстан алаңында биіктігі алты метрлік Alma del Río монументі орнатылады. Бұл бірегей сәулет өнері — 2019 жылдан бері бауырлас қала атанған Алматы мен Росарио арасындағы ерекше байланыс пен достықтың символы.

Ескерткіш жобасын Латын Америкасындағы Қазақстан мәдени орталығының директоры Ирина Вагнер таныстырды.

Таныстырылымы Дэвис кубогындағы Қазақстан мен Аргентина матчына арналған баспасөз конференциясында өтті.

Иринаның айтуынша, мозаика іспеттес шағын керамикалық элементтермен қапталған бұл ескерткіш — бүкіл әлемдегі бірлік, достық пен бейбітшіліктің символы.

Ескере кететін тағы бір жәйт, бұл ескерткіштің әрбір бөлігі Димаштың жанкүйерлерінің қайырымдылық жинағының арқасында жасалады.

Осы сый арқылы Димаштың жанкүйерлері татулық мен Димашқа деген адал сүйіспеншілігінің шексіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ескерткіштің жобасын әйгілі аргентиналық суретші-мүсіншілер Густаво Аугсбургер мен Даниэль Косик жасаған.

Осы орайда, монументтің атауы Alma del Río қазақшаға «Өзеннің жаны, рухы» деп аударылса, екінші қызықты дерек: «Alma» — Алматы және «Río» — Розарио қалаларының алғашқы-соңғы буындарынан алынған.

Ескерткіштің ашылуы 2024 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясында испан тілінде сөйлейтін жандарға арналған қазақ тілінің тұңғыш оқулығы да таныстырылды.

Бұл оқулық таяуда бірнеше елде қолжетімді болады.