Венесуэланың Боливар штатындағы «Булья Лока» заңсыз кенішінің құлауы салдарынан 15 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды KAZINFORM РБК ел президенті Николас Мадуроның X парақшасына сілтеме жасап.
«Өкінішке қарай, заңсыз шахтаның құлауы кезінде қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - деді Мадуро.
Боливар губернаторы Анхель Маркано шахтадағы операцияға қатысатын құтқарушылар күшейтілетінін айтты.
Апат 20 ақпан күні болған. Кеніш алты ай бойы контрабандашыларға толы аймақта жұмыс істеді, деп хабарлайды El Pais.
Құтқарушылар келгенше аман қалған кеншілер әріптестерін үйінді астынан құтқармақ болған. Булья Лока орналасқан Ангостура мэрі кемінде 30 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады. Шахтаның бір бөлігі 35 метр тереңдікте опырылған. Венесуэланың Боливар штатындағы «Булья Лока» заңсыз кенішінің құлауы салдарынан 15 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды РБК ел президенті Николас Мадуроның X парақшасына сілтеме жасап.
«Өкінішке қарай, заңсыз шахтаның құлауы кезінде қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - деді Мадуро.
Боливар губернаторы Анхель Маркано шахтадағы операцияға қатысатын құтқарушылар күшейтілетінін айтты.
Апат 20 ақпан күні болған. Кеніш алты ай бойы контрабандашыларға толы аймақта жұмыс істеді, деп хабарлайды El Pais.
Құтқарушылар келгенше аман қалған кеншілер әріптестерін үйінді астынан құтқармақ болған. Булья Лока орналасқан Ангостура мэрі кемінде 30 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады. Шахтаның бір бөлігі 35 метр тереңдікте опырылған.