Русский Сайттың толық нұсқасы

8000 афтершок. Сейсмолог Алматыдағы жиілеп кеткен жер сілкінісі туралы түсіндірді

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2024
  • 608

Сейсмологтар Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 8 мыңнан астам жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, 23 қаңтардан бері Қазақстанда 8 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелсе, оның тек 100-інде ғана Алматыда 5 балл болған.

Қайырлы күн, құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары. Бүгін сағат 10:14-те жер сілкінісі тіркелді. Айта кету керек бұл 23 қаңтарда болған қатты жер сілкінісінің афтершогы. 23 қаңардан бастап, біз 8 мыңнан астам жер сілкінісін тіркедік. Соның 100-ден астамының магнитудасы 5-тен жоғары болды. Ал оның тек 20-сы ғана Алматыда сезілді, - деді ол.