Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды қаласының мектептерінде медбикелер мерзімі өтіп кеткен дәрілерді сақтаған

Қарағанды облысының мектептерінде медбикелер мерзімі өтіп кеткен дәрілерді сақтап келген. Медицина кабинеттерінде оқушыларға тиісті көмек көрсетілмегенін прокурорлар анықтады.

Атап айтсақ, 2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық көмек көрсетілмегені анықталды. Мектептердің медицина кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерін шұғыл емдеуде қолданылатын дәрілердің бірі «Преднизолонның» жарамдылық мерзімі баяғыда өтіп кеткен болып шықты. Тіпті кей білім мекемелерінде осыдан 5-7 жыл бұрын жойылуы тиіс ескірген препараттар табылған. Дәрілер қолданылды ма, жоқ па тергеу барысында анықталмақ. Алдын ала болжам бойынша мектеп басшылары мен медбикелердің салғырттығынан 7 мыңға жуық баланың құқы тапталғаны белгілі болды. {СНХ}

Айжан ОРАЗБЕКОВА, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АҒА КӨМЕКШІСІ:

«Прокурорлық тексеру барысында медициналық қызмет көрсетпеу, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды. Қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі- дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды».