Русский Сайттың толық нұсқасы

Перуде денге безгегі өршіп, елде төтенше жағдай жарияланды

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2024
  • 501

Перуде денге безгегі өршіп барады. Осыған байланысты елдің басым бөлігінде төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Вирустың тарауына аптап ыстық пен толассыз нөсер жауын әсер еткен. Ауру жұқтырғандардың көбі елдің солтүстік аудандарында тіркеліп отыр. Мұндағы ауруханалар науқастарға лық толған.

Жыл басынан бері 32 адам денге безгегінің құрбаны болды. Бұл елде дәл осындай жағдай 2017 жылы да болған.