Русский Сайттың толық нұсқасы

Дональд Трамп әлемдік БАҚ өкілдеріне тіл тигізді

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2017
  • 2750

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Нью-Йорктегі өзінің алғашқы баспасөз маслихатында Владимир Путинмен қарым-қатынасты реттеу қиынға соғатынын айтты. Себебі біздің Ресеймен қарым-қатынасымыз нашар» деді. Сондай-ақ ол Мәскеумен «Ислам мемлекетіне» қарсы күресте тіл табысатынын айтқан. «Америкалық сайлау кампаниясына қатысты хакерлік шабуылдарға тек Ресей емес, басқа елдердің де қатысы бар. Американы мен басқарып отырғанда, Ресейдің біздің елге деген құрметі арта түседі», - деді ол.

Сондай-ақ Трамп сұрақ қоймақ болған журналистерді де сынға алды. Ол америкалық «CNN» телеарнасының журналисін "жалған ақпарат таратушы" деп атады. Ол өзін әшкерелейтін материалдарға қатысты "барлық агенттіктер жариялаған ақпараттар шындыққа жанаспайды" деп мәлімдеді.

Айта кетейік «BuzzFeed» ақпарат порталы Трампқа қарсы компроматқа толы 35 беттік құжатты жариялаған еді. Онда Ресей режимі Трампқа бес жыл бойы қолдау көрсеткені, өзінің қарсыластары - демократтарға қарсы Ресей тыңшыларымен бірігіп жұмыс жасағысы келетіні және Трамптың Мәскеуде сексуалдық тұрғыдағы бейнежазбаларына қатысты материалдар бар делінген.

Дональд Трамп, АҚШ сайланған президенті:

Біздің Ресеймен тіл табысып кетуіміз де мүмкін. Бірақ нақты емес. Бұлай болмай қалуы да мүмкін. Мәскеу мен Вашингтон ДАИШ содырларына қарсы күресте бірігіп жұмыс істеуіне болады. 

Саламат ОМАШ