Қазақстанда 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар. Яғни, халықтың ең белсенді өкілдері бірлескен қоғамдық топтар. Оның 18 мыңы жүйелі жұмыс істейді. Аталмыш мекемелердің басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Әрі азаматтық қоғамның рөлін күшейтіп, мемлекеттік органдармен ашық диалог орнату. Бүгін – осы жүкті арқалап жүрген үкіметтік емес ұйымдардың дүниежүзілік мерекесі.
Гүлнәр ҚҰРБАНБАЕВА, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз жылына 200 млннан астам іс-шараға атсалысамыз. Соңғы 10 жылда қабылданған барлық заңнамаға пікір білдіріп, сараптама жасадық. Осыдан 20 жыл бұрын 500 ғана үкіметтік ұйым бар еді. Жыл сайын қатарымыз көбеюде. Дегенмен әлі де болса біздің ұйымның жұмысымен таныс емес белсенді азаматтар көп. Жалғыздың үні шықпас демекші, бірлесіп кез келген мәселені оңай шешуге шақырамыз.
Үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастық арасында жұмыс заң аясында жүйеге келтірілген. Тек әлеуметтік мәселелерді шешерде қолымыз қысқа, - дейді белсенділер. «Хас шебер» қауымдастығының мыңнан аса шебері көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер арқылы табыс табуына көмектесіп жүр.
Зиуар ЖҰМАНОВА, «ХАС ШЕБЕР» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Үкіметтік емес ұйымға жуырда тіркелдік. Ал былай өзіміз атсалысып жүргенімізге 2,5 жылдай болды. Оған дейін де жеке-жеке болып жүрдік. Қазір енді барлығымыз бірге «Хас шебер» қауымдастығы ұйымының астына бірігіп, атсалысып жүрміз.