Шымкентте Абай ауданы, Игілік шағын ауданында, жеке тұрғын үйде, алдын ала табиғи газбен жылыту пешінде ақау шыққан. Оқиға салдарынан үй иесі қайтыс болды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 адам ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 2 адам және 1 техника, «Интергаз» АҚ, 3 адам және 1 техника жұмылдырылды.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.