Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте газ пешіндегі ақаудан бір адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2024
  • 780

Шымкентте Абай ауданы, Игілік шағын ауданында, жеке тұрғын үйде, алдын ала табиғи газбен жылыту пешінде ақау шыққан. Оқиға салдарынан үй иесі қайтыс болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 адам ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 2 адам және 1 техника, «Интергаз» АҚ, 3 адам және 1 техника жұмылдырылды.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.