Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде қансырап көмек сұраған жасөспірімге сенбеген ТЖД қызметкері сотталды

Ақтөбеде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері салғырттығы үшін сотталды. Ол өлім ауызында қаңсырап жатып көмек сұрап үш рет хабарласқан 13 жастағы қызға сенбеген. Міндетін тиісінше орындамағаны үшін кезекшінің көмекшісі алты айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол жәбірленушінің отбасына1 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуі тиіс.

Іс материалдарына жүгінсек, былтыр наурызда көпқабатты үйдегі пәтерге белгісіз адам балконнан кіріп 37 жастағы үй иесі мен оның кәмелетке толмаған ұлын пышақтап өлтірген. 13 жастағы қыз баланы тұншықтырып, мойнына пышақ жарақатын салады. Соққыдан жасөспірім есінен танып қалған. Артынша өзіне-өзі келіп, құтқару қызметіне хабарласып көмек сұрайды. Алайда төтенше жағдайлар қызметінің маманы қоңырауды баланың ойыны деп түсініп,мән бермеген. Тек үшінші қоңыраудан кейін ғана ол қызға сеніп, мекенжайға жедел жәрдем қызметі мен полиция жіберген. Төтенше Жағдай Департаментінің қызметкері «Салғырттық » бабымен айыпталды. Бірақ ол, бұл тағылған айыппен келіспейді. Апелляцияға жүгінбек.

 Ахметқали МОЛДАҒАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТ СУДЬЯСЫ:

Биржанова признать виновным... Біржанов ҚР ҚК 371 бабы 1 бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын.