Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісуда үш жыл бойы коммуналдық қызметтердің тарифтері бақыланбаған

  • AstanaTV
  • 29 ақпан 2024
  • 881

Жетісу облысының прокурорлары коммуналдық қызмет тарифтерін төмендетуге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғатты қорғау прокуратурасының шараларымен облыстың 5 ауданында (Панфилов, Қаратал, Ақсу, Сарқан аудандары және Текелі қаласы) коммуналдық қалдықтарды шығарудың тарифтері төмендетілді.

Прокурорлар уәкілетті органдардың үш жылдан астам уақыт бойы мәслихатқа оларды бекіту үшін тарифтер ұсынбағанын анықтады.

Қызмет көрсететін компаниялар тарифты өз бетінше белгілеп, оның сомасын 1 м3 1500 теңгеден 5000 теңгеге дейін қойған. Қадағалау актісі бойынша аталған аудандардың тұрғындары үшін жаңа тарифтер бекітілді, бұл қызмет ақысын 2 есеге, ал кейбір жағдайларда 10 есеге төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл 100 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 6 мың заңды тұлғаның мүддесі қорғалғанын көрсетеді, - делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыстар облыстың басқа да аудандарында (Алакөл, Кербұлақ және Сарқан аудандары) жалғасын тауып жатыр.