Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мыңдаған еуро ақша алған». Жәнібекті сатып жіберген перзентхана қызметкері табылды

  • AstanaTV
  • 29 ақпан 2024
  • 1182

Журналист Қымбат Досжан Еуропадан анасын іздеп келген Жәнібекті сатып жіберген адамдарды білетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен өткен сұхбатымда да айттым. Әйел адам Жәнібек үшін деп бельгиялық азаматшадан өте үлкен мыңдаған еуро көлемінде ақша алған. Келісіммен кәдімгідей қолынан санап тұрып алған. Ол әйел адам екенін, оның сол кезде жас келіншек болғанын, оның отбасы барын, оның қазір жасы нешеде және қай жерде жұмыс істейтінін бәрін білемін, - дейді Қымбат Досжан.

Қазір полиция ол кісімен де айналысып жатыр.

Біз ана дейміздағы, оларға сөз арнаймыз. Ал баламыздың шетел асуына, заңсыз түрде кетуіне тағы да аналардың себі тиіп отыр. Қазір Арқалық перзентханасында сол кезде жұмыс істегендер қазір де қызмет етіп жатыр. Тіпті зейнеткерлікке шықса да әлі сол кәсіби жұмыстарымен айналысып жатыр, - дейді журналист.

Олардың барлығы сонша жыл өткенін айтып, іздеп барған адамбарды тезірек кетіңдерші деген секілді шығарып салған.

Бірақ Заң бар және сол кезде қылмыс жасалған болса, оған жауап берілу керек. Ол қолдың бес саусағындай бес-алты адамның қатысуымен жасалған дүние. Біз бір ғана Жәнібектің тағдырын айтып отырмыз. Бұл бала бізден кеткен соң Еуропада керемет отбасыға түсіп, әкесі бар, шешесі бар, солардың махаббатына бөленген, солардың мейіріміне сусындаған, қандай ойыншықпен ойнаймын, қандай білім алғым келеді деген секілді өссе, арманы жоқ қой деп айтушы едік. Бірақ олай болмай шықты ғой, - дейді Қымбат Досжан.

Жәнібекті асырап алған ананың психикалық денсаулығында ақау болғанын да атап өтті.

Бұл баланы о баста депрессияға жиі ұшырайтын әйелге берген. Жәнібекті тағдырлы бала деп айтатыным сол. Бұл бала бізден кетті, екі жылдан соң тағы балалар интернатына түсті. Сондықтан ғой айтып отырғаным, аналар сүйе де алады, құша да алады. Бірақ ақша үшін, басқа үшін баланы шекара асырып та жібере алады. Осының бәрін жасайтын әйел, – дейді Қымбат Досжан.