Павлодар әкімдігі зауыттардың қасынан көпқабатты үй салмақ болған. Бұл жер санитарлық қорғау талаптарына сай келмейді. Яғни, адамдардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сол себепті бүтін бір ықшам ауданның егжей-тегжейлі жоспарының күші жойылды. Бұндай заңсыздықты облыстық прокуратура анықтаған.
Төребек ҚАЛЖАН, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
Әдеп бойынша кеңес қала әкіміне сәулет және қала құрылысының бөлімінің басшысын атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату түрінде ұсыныс жасады. Оның орындалуы мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменттің бақылауында.