Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы демалыс аймағының маңында өрт болды: зардап шеккендер бар

Алматы облысындағы демалыс аймағының маңында өрт шықты. Нәтижесінде екі адам зардап шекті. Оқиға Іле ауданының Байсерке ауылында болды. Алдын ала ақпарат бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан туындаған. Нәтижесінде бір тұрғын Іле аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Науқастың тыныс жолдарын, арқа, бет, қолдары мен белін күйік шалған. Қазір жағдайы тұрақты, тиісті ем қабылдап жатыр. 

Самат КЕНЖЕХАН, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жолданды. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 3 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылды.