Русский Сайттың толық нұсқасы

Wi-Fi қолданғаны үшін жұмыстан шығарылған маман 10 млн теңге өтемақы өндіріп алған

  • AstanaTV
  • 29 ақпан 2024
  • 1620

Finnair әуекомпаниясының стюардессасы негізсіз жұмыстан шығарылғаны үшін әуекомпаниядан 10 млн теңге өтемақы өндіріп алды, - деп хабарлайды Тengritravel.kz сайты.

Порталдың мәліметінше, стюардесса клиенттерге арналған Wi-Fi желісін пайдаланғаны үшін жұмысынан қуылған. Ол жолаушылардың аты-жөні мен орындықтарының нөмірлерін көрсетіп, желіге 19 рет кіріп, тыйымды бұзған.

Осы жағдайдан кейін тасымалдаушы 123 қызметкеріне қатысты тергеу жүргізді.

Салдарынан бортта 36 рет интернет байланысын пайдаланған тағы 22 қызметкер жұмысынан айырылды. Қалғандарына қатаң ескерту жасалды.

Бұл ретте клиенттердің Wi-Fi желісіне әуекомпанияның 700-ден аса қызметкері қосылғаны белгілі болды.

Finnair әуекомпаниясының жұмыстан шығарылған стюардессасы негізсіз жұмыстан шығарылдым деп санап апелляциялық шағым түсірді. Сот әйелдің пайдасына шешім шығарып, компанияны 21 мың еуро (10235861 теңге шамасында) өтемақы төлеуге міндеттеді.