Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде онкологиялық ауруға шалдыққан қызметкер жұмыс берушіден 17 млн теңге өндіріп алды

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2024
  • 2352

Жұмыс орнында ауру жұқтырған Ақтөбе тұрғыны жұмыс берушден 17 млн теңге ақша өнідіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе соты қызметкердің жұмыс берушіден моральдық шығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдарынан анықталғандай, талапкер зауытта 25 жылдан астам шикізат дайындау операторы болып жұмыс істеген.

2021 жылы талапкерге қатерлі ісік диагнозы қойылды. Санкт-Петербургте оған ақылы ота жасалып, бір өкпесін алып тастаған. Оған екінші топтағы мүгедектік тағайындалды. Қызметкердің жұмыс орнында ауру жұқтырғаны дәлелденіп, жұмыс берушіге айыппұл салынды.

“ЖұмЫс беруші кiнәсының дәрежесiне қарамастан, талапкердiң денсаулығына келтiрiлген моральдық зиянды өтеуге мiндеттi. Сот зардап шегушінің онкологиялық ауруға шалдыққанын, өмірлік маңызды орган – өкпесінің алынғанын, тыныс алу жеткіліксіздігі түріндегі асқынулардың пайда болуын, сырттан көмек пен күтім қажеттігін ескере отырып шешім қабылдады", – делінген Ақтөбе сотының хабарламасында.

Сот шешімімен жұмыс берушіден талапкердің пайдасына 17 миллион теңге моральдық шығын өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.