Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жақын адамдарды ғана шақырдық": Әли Оқапов ұлының тұсаукесер тойын өткізді

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2024
  • 542

Танымал өнерлі отбасы Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлдары Зейіннің 1 жасқа толу тойын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халық әртісі Роза Рымбаева тұңғыш немересіне ән арнап, той шымылдығын ашты.

“Бүгін көптен күткен тойымыз болады. Зейіннің 1 жасы мен тұсаукесер рәсімін жасаймыз. Ағайын-тума ғана болады. Үлкен той жасап, көп адамды шақырмадық. Өнердегі достарым музыка жағын көтереді. Қазір уақыт қымбат. Бірақ қонақтарымыз кешігіп жатыр. Кейін шақырған жерге кешікпейтін күн де келер. Қатты толқып тұрмын. Ерекше күнді әдейі таңдадық. Бізбен бірге болыңыздар”, – деді Әли Оқапов.

Сонымен қатар Зейіннің анасы, қобызшы, “Асыл” тобының солисі Ақерке Бүркітбай да ұлын құттықтады.

“Құлыншағым! Алғашқы жеке мерекең құтты болсын! Денің сау, еркін, ақылды, саналы болып өсе бер! Біз сені әрдайым қолдаймыз және жақсы көреміз!”, – деп жазды өнер иесі.

Зейіннің тұсауын елімізге белгілі актерлар Азамат Сатыбалды мен Дулыға Ақмолда кескен.