Русский Сайттың толық нұсқасы

Жазира Байырбекова мейрамханаларға ат кіргізіп, той жасайтындарды сынға алды

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2024
  • 1311

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова мейрамханаларға ат кіргізіп, той жасайтындарды сынға алды. Өнер иесінің айтуынша, жануарды қинап кіргізген сәтті көру өзіне аса ауыр тиеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова соңғы кезде тұсаукесер мен сүндет тойлар жылқысыз өтпейтініне қынжылды. Ол Instagram парақшасында көпшілікке үндеу жасап, той иелеріне жануарларды қинамауға шақырды.

"Қаладағы 2 қабатты мейрамханаларға көтеріліп жүретін аттарға қарағанда, мына аттар бақыттырақ. Кеше Хамит досым ұлдарының сүндет тойында аттарды мейрамханаға кіргізбей, атпен жүретін рәсімді сыртта жасады. Жарайсың! Оңтүстікте сүндет той жасаса аттарды үлкен баспалдақтарға қинап мінгізіп, мейрамханаға кіргізіп жатқандарды көріп аттарға жаным ашығаны-ай", - деп жазды әнші.