Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізге Еуропадан жабайы жылқылар жеткізіледі

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2024
  • 1166

Елімізге Еуропадан жабайы жылқылар жеткізіледі. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Данияр Тұрғамбаевтың сөзінше, алдағы бірнеше жылда Чехия мен Германиядан 40 бас керқұлан алып келу жоспарда бар.

"Бұл маңызды жоба сирек кездесетін жануарлардың осы түрінің бірегей популяциясын қалпына келтіруге ықпал етеді", - дейді.

Жылқыларды жерсіндіру үшін "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты таңдалды. Прага хайуанаттар саябағы оларды жеткізу жұмыстарын қаржыландырмақ. Айта кетейік, Пржевальский деп аталатын арғымақтар 2021 жылы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген.

Данияр Тұрғамбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы:

Үйдің жылқысы жақын арада болмау керек. Сондай бір талап болған,сондықтан қазіргі таңдаған жердің 50-60 шақырым жерде үй жануарлары жоқ. Себебі үй жылқыларынан бір аурулар жұғып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Шөп жайы тағы айта кетейін 489 гектар жайылым шөбі жақсы.