Алматы
облысында жалған ақша дайындап оны сатпақ болды деген күдікке іліккен әйел 12
жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Облыстық мемлекеттік
кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің өкілі Жақсылық Мырзахан
айтты. Мәлімдеуінше, жалған ақша жасайтын цех Іле ауданында орналасқан.
Жүргізіліген жедел-іздестіру шарасы кезінде ол жалған купюраларды сатып жатқан
жерінен ұсталған. Одан 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаражат анықталып,
толығымен тәркіленді. Кәсіпкер әйел өзіне тиесілі баспаханада күндіз түрлі
буклеттер шығарып, кешкісін жалған ақша жасаумен айналысқан. Тінту барысында
сондай-ақ 1000, 2000, және 10 000 теңге номиналындағы ақшалардың формасы,
түрлі-түсті принтерлер мен арнайы компьютерлер табылды.
Жақсылық
Мырзахан, Алматы облыстық мемлекеттік
кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің өкілі:
ҚР
Қылмыстық кодексінің 231 бабы бойынша, яғни бұл жалған ақшаны сақтау мен сату
немесе жасау бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Және
бұл бап бойынша максималды түрдегі жаза ол 12 жылға дейін бас бостандығынан
айыру болып табылады.