Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда машина жасау зауытын сату тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2024
  • 1259

Индустрия және құрылыс министрлігі Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытын сату жөніндегі конкурс өткізілмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі С.М. Киров атындағы "Машина жасау зауыты" АҚ-ның 100 пайыз жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, биылғы 28 ақпанда "Қазақстан инжиниринг" ҰК АҚ-на тапсырма жіберілді. Осылайша, сауда-саттық өткізілмейді", - делінген хабарламада.

Конкурстың өткізілмеуі "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 9 қаулысы бойынша қабылданған шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты екені айтылды.

Айта кетейік, сауда 12 наурызда басталуы керек еді. Аукциондағы бастапқы баға 6,1 миллиард теңге болып белгіленген.