Русский Сайттың толық нұсқасы

Шілде айына дейін мемлекеттік қызметтің «Б» корпусындағы 65 мыңға жуық қызметкер аттестациядан өтеді

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2017
  • 2695

Мемлекеттік қызметтің "Б" корпусында аттестация басталмақ. Шілде айына дейін бұл санаттағы 65 мыңға жуық қызметкер сынақтан өтеді. Биылғы аттестациялауда бірқатар өзгерістер енгізілген. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлімдеді. Мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлыққа бейімділігі анықталмақ. Мұнан өзге олардың кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алу қабілеті де сыналады. Аттестациялаудан аяғы ауыр келіншектер мен кәмілет жасқа толмаған баласы бар жалғыз басты әкелер ғана босатылады. Ал шалғай елді мекендегі қызметкерлер өз аттестацияны өз өңірлерінде тапсыра алады. Бірақ сұрақ-жауап бөлімі онлайн режимде өткізіледі.

Айгүл Шайымова, ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

Бұрынғы аттестациялаудан ерекше атап өтетін тағы бір өзгешелігі - биыл заң жобасын білу туралы кезең алынып тасталды. Бұл қызметкерлердің тек теориялық білім дайындығын көрсеткен еді. Енді олардың әрбірінің жеке дағдылары да қаралады. Сондай-ақ шалғай елді мекендерден келіп тестілеуге қатысатындарға да жеңілдік жасалады.