Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында жабылған қылмыс қайта қаралады

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2024
  • 1068

Оған тұрғындардың өтініші себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полиция ведомствосында департамент бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов азаматтарды жеке қабылдады.

Қылмыстарды ашу мәселесі тәртіп сақшылары үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Болат Ерденұлы оған жүгінген әрбір азаматтың мәселесін мұқият зерттеді.

- Павлодар қаласының екі тұрғыны қылмыстық істерді тоқтату туралы келіспейтіндіктерін білдірді. Мен тергеу және анықтау бастықтарына істің материалдарын тағы бір рет зерделеп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырдым. Ауыл тұрғыны жылқы ұрлау фактісі бойынша шағыммен келді. Ұрлық бойынша осы қылмысты ашуға бағытталған тергеу іс - шараларының барлық кешені жүргізіліп жатқанын түсіндірді, - деді Болат Ерденұлы.

Барлық өтініштер жеке бақылауға алынды, тапсырмалар берілді. Барлық фактілерді жүйелі түрде қарастыру және ол бойынша шұғыл шаралар қабылдау міндеттелді.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды қабылдау бөлмесінде павлодарлықтар қысқа мерзімде ыңғайлы жағдайда жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін полиция қызметінің барлық бағыттары бойынша толық кеңес ала алады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.