Астанада арнайы іс-шарасы барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2022 жылдың қазан айынан бастап халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
31 жастағы Ресей азаматы аса ірі көлемде есірткі заттарын өндіргені, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып сатқаны үшін іздеуде жүргені анықталды.
Ол 2019 жылдың соңынан бастап ресейлік ең ірі "Hydra" даркнет-маркетінің интернет-платформасында "Mr.SANDERS" деген атпен есірткі сататын дүкен құрған. Сөйтіп есірткіні жасырын орындар арқылы таратып отырған. Оған қоса, Омбы облысында жалдамалы пәтерлерде мефедрон есірткі затын жаппай өндірген.