Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда подполковник ұсталды: тергеу басталды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2024
  • 1391

Полиция Алматыда шекара қызметі подполковнигінің ұсталғаны туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, офицер педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталған. Алматы полициясы тергеу жариялады.

"Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объектив мән-жайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Еске салайық, Мәжіліс Қазақстанда педофилдер мен бала өлтіргендерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізетін әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң қабылдаған болатын.