Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріледі

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2024
  • 562

Қазгидромет 5-7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5-6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қар болжанады.

7 наурызда атмосфералық фронтальді бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, жаңбыр мен қар, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, тек еліміздің шығыс аймақтарын қоспағанда. Қазақстан бойынша тұман күтілуде.

Температуралық фонға келетін болсақ, аздаған жоғарылуы күтілуде және термометрлердің бағандары 7 наурызда күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 аязға, оңтүстікте 5-15 жылыға жетеді.