Русский Сайттың толық нұсқасы

"Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасы аясында елордада 3 мектептің директоры тағайындалды

Елордада жастар кадрлық резервіндегі үш маман мектеп директоры болып тағайындалды. Тағы 15 жас іріктеуден өткен.

ЗКТ: Президент пәрменімен былтыр Оқу-ағарту министрлігі "Білім беру саласындағы өзгерістердің 1000 көшбасшысын даярлау" жобасын іске қосты. Пилоттық бағдарламаға 8 мыңнан астам адам қатысты. Жобаның шарттары жеңіл. 45 жастан аспаған, кем дегенде екі жыл мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған маман үміткер атанды.

Қасымхан СЕНҒАЗЫЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі таңда 3 адам жұмыс істеп жатыр. Болашақта осы жылдың ішінде біз барлық 15 резервшілерімізді мектеп басшыларына тағайындаймыз.

Үміткерлер тестілеу, оқыту, тағылымдама, қорытынды бағалау және арнайы комиссиямен әңгімелесу секілді 5 кезең бойынша бақ сынады. Сыннан сүрінбей өткендердің бірі -31 жастағы Қайрат Мұқашев.

Қайрат МҰҚАШЕВ, №62 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

2015 жылдан бастап мұғалімдік мамандықтамын. 23-жылы Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасы іске қосылып, сол жобада бағымды сынайын деп тапсырып, бүкіл кезеңдерінен өтіп, кадрлық резервке ендік.

Бұл мектепте 3 мыңнан астам бала білім алуда. Жас маман білім ордасын басқару үшін сауатты менеджер болудың өзі жеткіліксіз дейді.

Қайрат МҰҚАШЕВ, №62 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ешқандай ұйымда сен баламен де, ересек адамдармен де қарым-қатынасқа түсіп, одан кейін ата-анамен мемлекеттік органдармен, әртүрлі мемлекеттік емес органдармен қарым-қатынас орнату үшін мектеп директорының бойында көптеген қасиеттер болуы керек. Менің ойымша қазіргі таңда танымал болып тұрған Soft skills пен Hard skills өте маңызды.

Жауаптылардың айтуынша, биыл мектеп директорларынан басқа, балабақша меңгерушілері мен колледж директорларынан кадрлық резерв қалыптастыру жоспарланған. Оған 850 адам өтініш берген.