Төтенше жағдайлар министрлігі 2024 жылғы 4 наурызда Алматыдағы күшті жер сілкінісінен кейін қабылдау пунктілерінде 102 адам жатқанын хабарлады, оның ішінде 43 бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның хабарламасында жедел желі телефонына ақпараттық сипатта 239 қоңырау түскен.
Қазіргі уақытта Алматының әлеуметтік нысандары мен көппәтерлі тұрғын үйлердегі бүлінулер туралы 156 өтініш түсті. Халықты қабылдау пункттерінде 102 адам, оның ішінде 43 бала бар, – деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.