Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда Валерия Шальнованы өлтірген адам 22 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2024
  • 590

Ақтауда кісі өлтірді деп айыпталған адам 22 жылға сотталды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шальнованың туыстары айтқандай, айыпталушы өзінің кінәсін мойындамады.

«Өкінішке қарай, бұл үкім маған жеңілдік сыйламады. Оны сезіну қазір мүмкін емес те шығар. Ешбір жаза маған баланы қайтармайды. Дегенмен, біз мерзімді әділ деп санаймыз. Мен шындықтың белгілі болуына көмектескендердің барлығына ризамын. Олар біздің адвокаттар мен тергеу бөлімі, БАҚ пен прокуратура және судья», - деді Валерия Шалнованың анасы.

Жәбірленуші тараптың адвокаты да шешімге риза екенін жеткізді. Үкім бүгін ғана айтылды және әлі заңды күшіне енген жоқ. Ажар Әбділ алда апелляциялық процестер болады деп отыр.

«Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 22 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады. Жәбірленуші тарап үкіммен келіседі. Біз айыптауды қолдаған сот пен прокурорға алғыс айтамыз. Мұндағы ауыр жұмысты полицияның тергеу тобы жасады. Сотталушы кінәсін мойындамады. Олар үкімге шағымдануы мүмкін», - деді адвокат.

Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелген полицейлердің әрекеттері бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Еске салсақ, Ақтауда 21 жастағы спортшының денесі 2023 жылдың 2 шілдесінде МАЭК су жинау каналы ауданынан табылған болатын.