Наурыз мерекесі және мейрам алдындағы күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар санының ұлғаюына байланысты қосымша пойыздар мен вагондарды қосады. Бұл туралы ұлттық тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті.
Қосымша үш пойыз келесі бағыттар бойынша екі бағытта жүреді:
«Астана-Алматы-1» бағыты бойынша № 201/202 пойызы, 4 рейс;
«Астана-Шымкент» бағыты бойынша № 203/204 пойызы, 3 рейс;
«Ақтөбе-Шымкент» бағыты бойынша № 205/206 пойызы, 2 рейс.
Мереке күндері 7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына, әсіресе, тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.
Пойызд қозғалысының кестесі бойынша толық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша, «KTZH_PP_BOT» телеграм-боты арқылы алуға болады, сондай-ақ @jolaushylar_tasymaly ұлттық тасымалдаушысының парақшасынан танысуға болады.