Ресейде коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі «Пирола» вирусы тіркелді. Бүгінгі күні оннан астам адамда індет анықталған. Инфекция жұқтырғандар Мәскеу және Санкт-Петербург қаласында тұрады. Мамандардың мәліметінше, вирусты тұрғындар шетелден әкелген,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Жалпы Ресейде бір аптада вирус жұқтырғандардың саны бірден 20 пайызға өскен. Кей кәсіпорындар мен оқу орындары қайтадан қашықтан жұмыс істеуге көшті.