Русский Сайттың толық нұсқасы

Премьер-Министр Екібастұздағы жаңа Балалар шығармашылығы сарайының құрылысымен танысты

Премьер-Министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Ол онда Екібастұздағы жаңа Балалар шығармашылығы сарайының құрылысымен танысты. Заманауи орталықтың ауданы - 7,2 мың шаршы метр. Аталған нысанның құрылысына 5,8 млрд теңге көлемінде демеушілер қаражаты тартылған. Мұнда ғарыштық радиобайланыс клубы, робототехника студиясы, өнеркәсіптік сәулет және дизайн студиясы, ғылыми-биологиялық зертхана, коворкинг-аймақ, дыбыс жазу студиясы, фотография академиясы, көркем-эстетикалық шеберхана, спортзал салынады деп көзделіп отыр. Нысан күзде пайдалануға беріледі. 

Олжас БЕКТЕНОВ - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысының тапсырмасымен тікелей салынып жатқан объект қой. Сондықтан сапасы да өте жоғары болу керек. Демеушілердің есебінен салынып жатыр. Мынаның бәрі бақылауда болу керек. Менің жеке бақылауымда болады. Өйткені Президенттің өзі айтқан мынау өте жақсы Екібастұздық балаларға арналған шығармашылық орталығы болсын деп. Сондықтан бақылауда ұстаңыздар.