Елімізде 600 мыңға жуық адам көлік салығын төлемей жүр. Олардың берешегі-16,3 млрд теңге. Салық міндеттемелерінен жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны Алматы, Астана қалаларында тіркелген. 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар жіберіледі. {КСМ} Ал биыл шамамен 4 миллиондай жеке тұлға декларация тапсырады, олар - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары. Бұл азаматтар шетелдегі көлігін және баспаналарын, сондай-ақ шетелдік банктегі қаражаттарын жариялауға, бағалы қағаздарын, компаниядағы үлестерін, көрсетуге міндетті.
Дархан БЕЙСЕНАЛИЕВ, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жалпыға бірдей декларацияға 13 миллион енеді деп күтілуде. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың кіру декларациясынан тұрады. Яғни жеке тұлғаның шетелдік активтері жылжымалы жылжымайтын мүліктері көрсетілуі қажет.